Шу қалалық емханасы
МӘМС
16.07.2026
Жолдама қандай жағдайда беріледі?
Бүгін МӘМС аясында қызмет көрсететін «Эскулап» емдеу орталығы туралы айтамыз.
Бейінді мамандардың кеңесін;
Зертханалық және диагностикалық тексерулерді;
Жоспарлы ауруханаға жатқызуды;
Оталар мен отадан кейінгі бақылауды;
Гинекологиялық және хирургиялық операцияларды;
Лапароскопия мен гистероскопияны;
Миома, киста, полип және басқа да ауруларды емдеуді МӘМС аясында тегін алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, жолдама мен медициналық көрсетілім болған жағдайда аталған қызметтердің барлығы МӘМС аясында тегін көрсетіледі.
МӘМС арқылы жекеменшік клиникада тегін ем: «Эскулап» пациенттерінің алғысы
МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері тұрғындар медициналық көмекті тек мемлекеттік емханалардан ғана емес, сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізіміне енген жекеменшік клиникалардан да тегін ала алады.
Егер тіркелген емханада қажетті бейінді маман болмаса, диагностикалық жабдық жетіспесе, қабылдау кезегі бірнеше айға созылса, дәрігер еңбек демалысында болса немесе медициналық аппарат уақытша істемесе, пациентке МӘМС аясында басқа клиникаға жолдама беріледі.
Сондай-ақ, жоспарлы ота қажет болған жағдайда пациент Қордың жеткізушілер тізіміне енген жекеменшік клиникаға жолдама алып, операцияны МӘМС аясында тегін жасата алады.
Мұнда жолдама мен медициналық көрсетілім болған жағдайда:
«Эскулап» емдеу орталығында ем қабылдаған пациенттер дәрігерлердің кәсібилігіне, сапалы медициналық көмекке және мейірімді қарым-қатынасына жоғары баға беріп, алғыстарын жаудыруда.







