Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
14.07.2026
Иммунитетті күшейтеді;
Ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді;
Жұқпалы аурулардың даму қаупін төмендетеді;
Ми мен жүйке жүйесінің дамуына ықпал етеді;
Болашақта семіздік, қант диабеті және аллергиялық аурулардың қаупін азайтады.
Босанғаннан кейін ағзаның тез қалпына келуіне көмектеседі;
Жатырдың жиырылуын жақсартады;
Сүт безі мен аналық без обырының даму қаупін төмендетеді;
Ана мен сәби арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтады.
Ана сүтімен қоректендіру – сәби денсаулығының берік негізі
Ана сүті – жаңа туған нәресте үшін ең құнды әрі теңдесі жоқ тағам. Ол баланың дұрыс өсіп-жетілуіне қажетті барлық қоректік заттарды қамтиды және иммундық жүйесін нығайтып, түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестені өмірінің алғашқы 6 айында тек ана сүтімен қоректендіруді, ал кейін қосымша тағаммен бірге 2 жасқа дейін және одан да ұзақ емізуді ұсынады.
Ана сүтінің балаға пайдасы:
Ана үшін пайдасы:
Емізу – тек тамақтандыру ғана емес, ол сәбиіңізге деген қамқорлықтың, мейірім мен сүйіспеншіліктің ең ерекше көрінісі.
Сәбиіңізге өмірдің ең жақсы бастауын сыйлаңыз – ана сүтін таңдаңыз!







