Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

21.07.2026

ӘРТҮРЛІ АҒЗАЛАРДЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Туберкулез – тек өкпені ғана емес, адам ағзасының басқа мүшелерін де зақымдайтын жұқпалы ауру. Өкпеден тыс туберкулез лимфа түйіндерінде, сүйек пен буындарда, бүйректе, ми қабықтарында, ішекте, теріде және басқа да ағзаларда дамуы мүмкін.
Негізгі белгілері:
🔹 ұзақ уақыт сақталатын дене қызуының көтерілуі;
🔹 әлсіздік, тез шаршағыштық;
🔹 тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту;
🔹 түнгі тершеңдік;
🔹 зақымданған ағзаға байланысты ауырсыну мен қызметінің бұзылуы.
Туберкулездің өкпеден тыс түрлерін ерте анықтау қиын болуы мүмкін, сондықтан жоғарыдағы белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Алдын алу шаралары:
✅ БЦЖ вакцинациясын уақытында алу;
✅ дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту;
✅ салауатты өмір салтын ұстану;
✅ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған жағдайда тексеруден өту;
✅ дәрігер ұсынған тексерулерден уақытылы өту.
Туберкулез – емделетін ауру. Ерте анықталып, емді толық қабылдау арқылы сауығып кетуге болады. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, алғашқы белгілер байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу