Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

22.07.2026

Туберкулез

Туберкулез – Mycobacterium tuberculosis бактериясы қоздыратын жұқпалы ауру. Көбіне өкпені зақымдайды, бірақ сүйек, бүйрек, лимфа түйіндері және басқа да мүшелерге таралуы мүмкін. Ауру негізінен науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде ауа-тамшы жолы арқылы жұғады.
Туберкулездің негізгі белгілері:
2 аптадан астам уақытқа созылатын жөтел;
Қақырықтың бөлінуі, кейде қан аралас болуы;
Дене қызуының көтерілуі;
Түнгі тершеңдік;
Әлсіздік, тез шаршағыштық;
Тәбеттің төмендеуі;
Салмақ жоғалту.
⚠️ Егер осы белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, тексеруден өту қажет. Ерте анықталған туберкулез толық емделеді.
✅ Туберкулездің алдын алу жолдары:
Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ вакцинасын уақытында салдыру;
Жыл сайын профилактикалық тексеруден (флюорографиядан) өту;
Жөтелі ұзаққа созылған жағдайда дәрігерге қаралу;
Үй-жайларды жиі желдетіп, тазалық сақтау;
Дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту;
Темекі мен алкогольден бас тарту;
Науқаспен байланыста болған жағдайда медициналық тексеруден өту.
💙 Есте сақтаңыз! Туберкулез – алдын алуға және толық емдеуге болатын ауру. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұрыңыз.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу