Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
28.07.2026
Аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақ болыңыз!
Аса қауіпті жұқпалы аурулар – адам өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіретін, тез таралатын инфекциялық аурулар. Олардың қатарына оба, тырысқақ (холера), күйдіргі (сібір жарасы), туляремия, құтыру және басқа да қауіпті инфекциялар жатады.
Бұл аурулар көбіне ауру адамнан, жануарлардан, ластанған су мен тағамнан немесе жәндіктердің шағуы арқылы жұғуы мүмкін. Уақытылы алдын алу шараларын сақтамау аурудың кең таралуына әкеледі.
Алдын алу жолдары:
• Қолды сабынмен жиі жуыңыз;
• Тек таза ауыз суын пайдаланыңыз;
• Тағам өнімдерін дұрыс сақтап, толық пісіріп тұтыныңыз;
• Жабайы және ауру жануарлармен байланыстан сақ болыңыз;
• Вакцинация ұсынылған жағдайда екпе алыңыз;
• Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, құсу, іш өту, теріде жара немесе басқа күмәнді белгілер байқалса, өздігінен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Әр адамның жауапкершілігі – өз денсаулығын ғана емес, айналасындағылардың да қауіпсіздігін сақтау. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу – денсаулықты қорғаудың ең тиімді жолы.







