Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
29.07.2026
дұрыс тамақтану және белсенді өмір салтын ұстану;
зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь, есірткі) бас тарту;
жеке бас гигиенасын сақтау;
тұрақты түрде профилактикалық медициналық тексерулерден өту;
жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу;
жүктілікті алдын ала жоспарлап, дәрігердің кеңесіне жүгіну маңызды.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, уақытылы медициналық тексеруден өтіңіз. Репродуктивті денсаулық – бақытты отбасы мен дені сау ұрпақтың кепілі!
Репродуктивті денсаулық
Репродуктивті денсаулық – бұл адамның дене, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатының ұрпақ жалғастыруға қатысты толыққанды жағдайы. Ол тек аурудың болмауын ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз жүктілікке, дені сау баланың дүниеге келуіне және отбасыны саналы жоспарлауға мүмкіндік беретін жағдайды білдіреді.
Репродуктивті денсаулықты сақтау үшін:
Әйелдерге гинекологқа, ал ерлерге уролог немесе андрологқа жылына кемінде бір рет қаралу ұсынылады. Репродуктивті денсаулыққа дер кезінде көңіл бөлу бедеуліктің, жыныс мүшелерінің ауруларының және жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын алуға көмектеседі.







