Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
04.08.2026
жүрек айну, құсу;
іштің ауыруы;
сұйық нәжіс (іш өту);
дене қызуының көтерілуі;
әлсіздік, шөлдеу.
жуылмаған жеміс-жидек пен көкөніс арқылы;
сапасыз немесе дұрыс сақталмаған тағамнан;
қайнатылмаған суды ішкенде;
лас қол арқылы;
науқас адаммен байланыс кезінде.
Тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз.
Жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуыңыз.
Тек таза, қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.
Тағамды дұрыс сақтап, толық пісіріп тұтыныңыз.
Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді қолданбаңыз.
Балалардың тазалық сақтауын қадағалаңыз.
Денсаулығыңызды қорғаңыз – жеке бас гигиенасын сақтап, қауіпсіз тағам тұтыныңыз!
Жедел ішек инфекциялары (ОКИ) туралы не білу керек?
Жедел ішек инфекциялары (ОКИ) – бактериялар, вирустар немесе паразиттер арқылы жұғатын асқазан-ішек жолдарының жұқпалы аурулары. Әсіресе жаз мезгілінде жиі кездеседі және балалар мен қарт адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Негізгі белгілері:
Ауру қалай жұғады?
Алдын алу жолдары:
Есте сақтаңыз!
Іш өту мен құсу ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін. Сондықтан сұйықтықты жиі ішіп, өздігінен антибиотик қабылдамаңыз. Егер дене қызуы жоғарылап, тоқтаусыз құсу немесе қан аралас нәжіс байқалса, әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарда, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.







