Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
03.08.2026
Балам сүтін жеткілікті мөлшерде еміп жүр ме?
Бұл сұрақ нәресте өмірінің алғашқы апталарында көптеген ата-ананы алаңдатады. Ең бастысы – ана баланың аштықтың алғашқы белгілерін дер кезінде танып, соған жауап бере білуі. Нәрестенің жылағанын күтпеген жөн, өйткені жылау – аштықтың кеш байқалатын белгілерінің бірі.
Емізудің нақты белгіленген ұзақтығы болмайды. Кейбір нәрестелер бірнеше минутта тойынса, басқаларына көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Егер нәресте омырауды дұрыс емсе, ана ауырсынуды сезінбесе және сәби тойған соң омырауды өзі жіберсе, әдетте емізу уақытына шектелмеген дұрыс.
Әрбір «ана – сәби» жұбы бірегей. Егер сізде сұрақтар немесе күмән туындаса, медицина қызметкеріне немесе ана сүтімен қоректендіру жөніндегі маманға жүгініңіз. Уақтылы көрсетілген қолдау ана сүтімен қоректендірудің ана мен сәби үшін жайлы әрі сәтті өтуіне көмектеседі.








