Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
07.09.2026
Жарақаттанудың алдын алу үшін:
Жолда қауіпсіздік сақтаңыз.
Мектепте сақ болыңыз.
Спортпен айналысқанда қауіпсіздік ережесін сақтаңыз.
Ойын кезінде абай болыңыз.
Үйде қауіпсіздікке мән беріңіз.
Ата-аналарға:
Есте сақтаңыз: жарақаттың алдын алу – оны емдеуден әлдеқайда тиімді. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.
Мектеп оқушыларының жарақаттануының алдын алу
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Мектеп жасындағы балалар арасында жарақаттану көбіне жол-көлік оқиғалары, спорттық жаттығулар, ойын кезіндегі абайсыздық, тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алады.
Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өткен жөн. Жол бойында телефонға алаңдамау және құлаққаппен жүрмеу маңызды.
Дәлізде жүгірмеу, баспалдақпен асықпай жүру, терезе маңында және қауіпті жерлерде ойнамау қажет.
Жаттығу алдында міндетті түрде денені қыздыру, спорттық құралдарды дұрыс пайдалану және жаттықтырушының нұсқауын орындау керек.
Итерісіп, төбелесіп ойнау, қауіпті жерлерге шығу және жарақат әкелуі мүмкін ойындарға қатысуға болмайды.
Электр құралдарын, өткір заттарды, дәрі-дәрмектерді және басқа да қауіпті заттарды рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, өзіңіз де қауіпсіз мінез-құлықтың үлгісін көрсетіңіз. Баланың қайда және кіммен ойнайтынына, спортпен шұғылдану кезіндегі қауіпсіздігіне назар аударыңыз.
Балаларымыздың қауіпсіздігіне бірге жауапты болайық! 







