Шу қалалық емханасы

МӘМС

24.09.2026

МӘМС аясындағы медициналық қызметтердің тиімділігі түсіндірілді

Бүгін Тараз қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Іс-шара барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өкілдері тұрғындарға кеңес беріп, сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Дәурен Бурханов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі бағыттары, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы түсіндірді.
Сонымен қатар ол денсаулық сақтау саласын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және олардың халыққа қолжетімділігін кеңейту МӘМС жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Оның айтуынша, елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, МӘМС жүйесі аясында медициналық қызметтерді алу тәртібі бойынша нақты жауаптар алды.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу