Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
01.10.2026
Экстремизм – қоғамдағы қалыптасқан тәртіп пен тұрақтылыққа қарсы бағытталған радикалды көзқарастар мен әрекеттердің таралуы.
Терроризм – халық арасында үрей туғызуға, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіруге бағытталған қылмыстық әрекет.
Әсіресе жастардың әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттар мен радикалды идеялардың ықпалына түсіп қалмауына ерекше мән берген жөн. Бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сақтықпен қарап, күмәнді діни немесе экстремистік мазмұндағы материалдарды таратпау қажет.
Қауіпсіздік үшін:
Қоғамдық қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталады. Терроризм мен экстремизмнің алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттырып, бейбітшілік пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу маңызды.
ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
Терроризм мен экстремизм – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті құбылыстар. Оның алдын алу үшін әр азамат сақтық танытып, ақпаратты дұрыс саралай білуі маңызды.
• күмәнді ақпаратты таратпау және оған бірден сенбеу;
• әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардың шақыруларына сақ болу;
• радикалды мазмұндағы материалдардан аулақ болу;
• балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігіне көңіл бөлу;
• күдікті жағдай байқалған жағдайда тиісті органдарға хабарлау.
Бейбітшілік пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ құндылық!







