Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

08.10.2026

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Туберкулез – көбіне өкпені зақымдайтын, ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Дер кезінде анықталып, дұрыс ем қабылданған жағдайда туберкулезді емдеуге болады.
⚠️ Негізгі белгілеріне назар аударыңыз:
• 2 аптадан ұзаққа созылған жөтел;
• дене қызуының ұзақ уақыт жоғары болуы;
• түнде көп терлеу;
• әлсіздік, тез шаршау;
• тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту;
• кеуде тұсының ауырсынуы;
• қақырықта қанның байқалуы.
🩺 Осындай белгілердің бірі байқалса, өздігінен ем қабылдамай, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Туберкулезді ерте анықтау – тиімді емделудің және инфекцияның таралуын болдырмаудың маңызды шарты.
🔬 Алдын алу үшін:
• профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтіңіз;
• балаларға БЦЖ вакцинациясын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алыңыз;
• бөлмені жиі желдетіп, тазалық сақтаңыз;
• дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз;
• жөтелу және түшкіру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтаңыз.
💚 Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Туберкулездің алдын алу – әр адамның өзінен басталады.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу