Шу қалалық емханасы
МӘМС
05.11.2026
МӘМС жүйесіндегі ашықтық: азаматтар медициналық қызметтерді өздері бақылай алады
eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы азаматтардан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6,3 мың өтініш келіп түсті.
Енді eGov mobile қосымшасының «Денсаулық» бөліміндегі «Медициналық қызметтер тарихы» сервисі арқылы азаматтар өздеріне көрсетілген медициналық қызметтер туралы толық ақпаратпен таныса алады. Атап айтқанда, медициналық көмектің атауын, көрсетілген күні мен уақытын, сондай-ақ оны қаржыландыру көзін көруге мүмкіндік бар.
Сервисті пайдалану барысында кейбір азаматтар жүйеде көрсетілген мәліметтер мен өздері нақты алған медициналық қызметтердің арасында сәйкессіздіктер бар екенін анықтаған. Мұндай өтініштер бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, «Халықтық бақылау» цифрлық сервисін одан әрі дамытуды жалғастыруда.







