Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

17.11.2026

ТЕМЕКІ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ЖАУЫ

Темекі шегу – адам денсаулығына кері әсер ететін, көптеген ауыр аурулардың туындауына себеп болатын зиянды әдет. Оның құрамындағы никотин мен улы заттар ағзаға түсіп, ең алдымен тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесіне зиян келтіреді.
🚫 Темекі шегудің салдары:
🔹 Өкпенің созылмалы аурулары мен өкпе обырының даму қаупін арттырады;
🔹 Жүрек-қантамыр ауруларына, инфаркт пен инсультке әкелуі мүмкін;
🔹 Тыныс алуды қиындатып, ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуін төмендетеді;
🔹 Иммундық жүйені әлсіретіп, жалпы өмір сапасына кері әсер етеді;
🔹 Жанындағы адамдарға да зиян келтіреді. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін темекі түтіні қауіпті.
❤️ Темекіні тастауға ешқашан кеш емес! Темекіден бас тарту арқылы сіз өз денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, жақындарыңызды да пассивті темекі түтінінен қорғайсыз.
Өз денсаулығыңызға бүгіннен бастап жауапкершілікпен қараңыз! Салауатты өмір салтын таңдап, темекісіз өмірге қадам жасаңыз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу