Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
24.07.2024
КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 23 шілде күні Шу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының
кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты Шу АПБ ЖПКБ ЮПТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Кыздарбеков, Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Б.Толегенов баяндама жасады.
Баяндамашыларды тыңдаған комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты қарап, комиссия мүшелерінің және жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.