Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
20.03.2026
20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күніне орай түрлі ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған күннің басты мақсаты – тұрғындарға ауыз қуысының саулығын сақтау жолдарын түсіндіру және дұрыс гигиеналық әдеттерді қалыптастыру.
Осыған орай Шу қаласындағы №40 мектеп оқушылары арасында танымдық шара өтті. Іс-шараны Шу қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨС) дәрігері ұйымдастырып, оқушыларға ауыз қуысының күтімі туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында маман тіс күтімінің маңыздылығын түсіндіріп, тіс жегісі мен қызыл иек ауруларының алдын алу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, дұрыс тіс тазалау әдістері көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Шара барысында балаларға күніне екі рет тіс тазалау, тәтті тағамдарды шектен тыс қолданбау және уақытылы стоматологқа қаралу қажеттігі айтылды. Бұл кеңестер оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына және жарқын болашаққа қадам жасауына септігін тигізеді.
20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күні








