Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

20.01.2026

2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?

2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.
🔹Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін
🔹Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін
🔹Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)
🔹Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)
Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге
💳 МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
• «Қазпошта» АҚ кассаларында
• екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
• төлем терминалдары арқылы
🛡️ МӘМС – күтпеген медициналық шығыннан қорғайды. Ертеңіңізге сенімді болыңыз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу