Миында су анықталған 19 күндік нәрестеге ота сәтті жасалды

11 шілде күні Жаңатастан келген Ақерке Талантқызы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында сәбиін дүниеге әкелді. Алайда, келесі күні дәрігерлер нәрестеге гидроцефалия (миға су жиналу) деген диагноз қойды.
Компьютерлік томографиядан кейін диагноз нақтыланған. Бала 19 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды. 30 шілдеде Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Мирсаид Байматовтың жетекшілігімен сәтті ота жасалды.
«Қазір баланың жағдайы жақсы, 2-3 күнде анасымен үйіне шығарылады. Ота (МӘМС) аясында тегін жасалды.», — дейді дәрігер Мирсаид Байматов.
Сәбидің анасы Ақерке Талантқызы бүгінде баласының жағдайы жақсы екенін айтып, дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.

Жаңа мекен-жай бойынша емханаға қалай тіркелуге болады?

Емханаға тіркелу электрондық үкімет порталы арқылы тиісті мемлекеттік қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. Алдымен өзіңіздің тұратын аумағыңыз қай емханаға қарайтынын анықтау қажет. Мұны аймақтық анықтама қызметі арқылы білуге болады (мысалы, Астанада – 109 нөмірі).
Содан кейін порталда авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Жеке кабинетте (қызметтер алу тарихы бөлімінде) өтініміңіздің қаралуы жөнінде хабарламамен танысуға болады.
Қызмет көрсету мерзімі өтіп кетсе, сіз тіркелуге сұраныс жіберген медициналық ұйымға тікелей жүгіне аласыз.
Тіркеуден бас тартпас үшін алдын ала емханада бос орындардың бар-жоғын нақтылап алған жөн.

Мен жақында ресми жұмысқа орналастым. Енді маған сақтандыру мәртебесі қашан беріледі?

«Сақтандырылған» мәртебесі қатарынан 12 ай (өткен немесе алдағы) үшін тұрақты төлем жасалған жағдайда беріледі. Егер сіз бұған дейін ресми жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және төлемді жеке төлеуші ретінде жасамаған болсаңыз, онда жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру мәртебесі беріледі.
Егер осы кезеңге дейін МӘМС аясында тегін медициналық көмек қажет болса, онда өткен 12 ай үшін төлем жасап, сақтандыру мәртебесін ертерек алуға болады.