ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Қант диабеті – ағзадағы инсулиннің жеткіліксіз бөлінуі немесе оның әсерінің төмендеуі салдарынан қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру. Бұл дерт бастапқы кезеңде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан оны дер кезінде анықтау денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.
⚠️ Қандай белгілерге назар аудару керек?
Қант диабетінің жиі кездесетін белгілері:
Шөлдей беру және ауыздың құрғауы;
Жиі зәр шығару;
Тәбеттің артуы;
Себепсіз салмақ жоғалту;
Тез шаршау, әлсіздік;
Көру қабілетінің бұлыңғырлануы;
Жаралардың баяу жазылуы.
Кейбір адамдарда бұл белгілер мүлде байқалмауы мүмкін. Сол себепті өзін жақсы сезінген адамның өзі профилактикалық тексеруден өтіп тұрғаны жөн.
🔬 Ерте анықтаудың пайдасы қандай?
Қант диабетін уақытында анықтау қандағы қант деңгейін бақылауға және аурудың асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Емделмеген немесе дұрыс бақыланбаған диабет жүрек-қан тамырлары ауруларына, бүйрек қызметінің бұзылуына, көру қабілетінің нашарлауына және жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін.
🩸 Қалай тексерілуге болады?
Қандағы глюкоза деңгейін анықтау үшін зертханалық талдау тапсыру қажет. Сонымен қатар дәрігердің ұсынысымен үш айдағы орташа қандағы қант деңгейін көрсететін гликирленген гемоглобин (HbA1c) талдауы жүргізіледі.
👨‍⚕️ Кімдер ерекше назар аударуы керек?
Артық салмағы бар адамдар;
Қозғалысы аз өмір салтын ұстанатындар;
Туыстарында қант диабеті бар адамдар;
Қан қысымы жоғары азаматтар;
Бұрын қандағы қант деңгейі қалыптан жоғары болған адамдар.
💚 Қант диабеті – бақылауға болатын ауру. Дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, салмақты қалыпта ұстау және уақытылы медициналық тексеруден өту оның алдын алуға әрі асқыну қаупін азайтуға көмектеседі.
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз! Қандағы қант деңгейін уақытылы тексертіп, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз.

МӘМС жүйесіндегі ашықтық: азаматтар медициналық қызметтерді өздері бақылай алады

eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы азаматтардан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6,3 мың өтініш келіп түсті.
Енді eGov mobile қосымшасының «Денсаулық» бөліміндегі «Медициналық қызметтер тарихы» сервисі арқылы азаматтар өздеріне көрсетілген медициналық қызметтер туралы толық ақпаратпен таныса алады. Атап айтқанда, медициналық көмектің атауын, көрсетілген күні мен уақытын, сондай-ақ оны қаржыландыру көзін көруге мүмкіндік бар.
Сервисті пайдалану барысында кейбір азаматтар жүйеде көрсетілген мәліметтер мен өздері нақты алған медициналық қызметтердің арасында сәйкессіздіктер бар екенін анықтаған. Мұндай өтініштер бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, «Халықтық бақылау» цифрлық сервисін одан әрі дамытуды жалғастыруда.

Қыс мезгіліне ағзаны қалай дайындаймыз?

Қыс мезгілі – адам денсаулығына ерекше көңіл бөлуді қажет ететін кезең. Күннің суытуы, ауа температурасының күрт өзгеруі, күн сәулесінің азаюы және вирустық инфекциялардың таралуы ағзаға қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан қыс түспей тұрып денсаулықты нығайтып, иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасау маңызды.
Ең алдымен, дұрыс әрі құнарлы тамақтануға назар аудару қажет. Күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, ет, балық, бұршақ тұқымдастар және дәрумендерге бай тағамдар болғаны жөн. Әсіресе С дәрумені бар цитрус жемістері, итмұрын, болгар бұрышы мен қырыққабат ағзаның қалыпты қызметін қолдауға көмектеседі. Сонымен қатар жеткілікті мөлшерде су ішу де маңызды. Суық мезгілде шөлдеу сезімі төмендегенімен, ағзаға сұйықтық үнемі қажет.
Екіншіден, дене белсенділігін төмендетпеу керек. Қыс мезгілінде қозғалыстың азаюы артық салмақ жинауға, қан айналымының баяулауына және жалпы әлсіздікке әкелуі мүмкін. Күн сайын таза ауада серуендеу, жеңіл дене жаттығуларын жасау және белсенді өмір салтын ұстану денсаулықты нығайтуға ықпал етеді.
Үшіншіден, ұйқы режимін реттеу қажет. Ересек адамға тәулігіне орта есеппен 7–9 сағат сапалы ұйқы ұсынылады. Ұйқының жеткіліксіздігі иммундық жүйенің жұмысына кері әсер етіп, ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан күнделікті бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуды әдетке айналдырған дұрыс.
Сондай-ақ қыс мезгілінде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу шараларын сақтау аса маңызды. Қолды сабынмен жиі жуу, бөлмені үнемі желдету, адам көп жиналатын орындарда сақтық шараларын ұстану және науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеу инфекция жұқтыру қаупін азайтады. Тұмауға қарсы вакцинациядан өту де аурудың ауыр өту қаупін төмендетудің тиімді жолдарының бірі.
Киім таңдауға да мән берген жөн. Ауа райына сәйкес жылы киініп, әсіресе бас, мойын, қол-аяқты суықтан қорғау қажет. Алайда тым қалың киініп, терлеуге де жол бермеген дұрыс.
Мамандар ағзадағы дәрумен тапшылығын өз бетінше анықтап, дәрумендік препараттарды бақылаусыз қабылдауға болмайтынын ескертеді. Қажет болған жағдайда дәрігер кеңесіне жүгініп, тиісті тексеруден өткен жөн.
Денсаулықты сақтау бір күндік әрекет емес, күнделікті дағдыдан қалыптасады. Дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы, тұрақты қозғалыс және жеке гигиена талаптарын сақтау арқылы қыс мезгілін сырқатсыз өткізуге мүмкіндік мол. Ең бастысы – аурудың алдын алып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау.

Медициналық сақтандыру бойынша көмек алуға кімдер құқылы?

Кімдер үшін жарнаны мемлекет төлейді, ал кімдер оны төлеуден босатылған? «Керек-дерек» айдарында айтып береміз.

Тұрғындардың алғысы – біз үшін үлкен мәртебе!

Шу қалалық емханасына қарасты медициналық қызметке жүгінген тұрғындарымыз ақжарма тілектерін білдіріп, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегіне алғыстарын жеткізуде.
Әрбір жылы лебіз бен шынайы ризашылық – біз үшін үлкен мотивация. Халықтың сенімі мен алғысы жолымызға күш береді!

МӘМС аясында 9 күндік нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жүрегінде туа біткен ақауы бар небәрі 9 күндік нәрестеге күрделі ота жасалды.
Нәрестеге магистральді артериялардың транспозициясы диагнозы қойылған. Бұл – жүректің туа біткен ауыр ақауларының бірі. Мұндай жағдайда баланың өмірін сақтап қалу үшін хирургиялық араласуды өмірінің алғашқы күндерінде жасау қажет.
Күрделі отаны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Дмитрий Горбунов пен Жамбыл облысының штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Икромжон Мухамедов сәтті орындады.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жыл сайын 200–250 баладан жүректің туа біткен ақауы анықталады. Олардың ішінде 15–20 нәресте өмірінің алғашқы күндерінен бастап шұғыл медициналық көмекті қажет ететін ауыр жүрек ақауларымен дүниеге келеді.
Мұндай күрделі оталар жоғары технологиялық медициналық көмектің (ЖТМК) маңызды бөлігі болып саналады.
Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған.
*****
В рамках ОСМС девятидневному младенцу провели сложную операцию на сердце
В Научно-клиническом центре кардиохирургии и трансплантологии города Тараза провели сложную операцию девятидневному младенцу с врождённым пороком сердца.
У новорождённого была диагностирована транспозиция магистральных артерий — один из тяжёлых врождённых пороков сердца. При данной патологии для спасения жизни ребёнка хирургическое вмешательство необходимо проводить в первые дни после рождения.
Сложную операцию успешно провели внештатный главный детский кардиохирург Министерства здравоохранения Республики Казахстан Дмитрий Горбунов и внештатный главный детский кардиохирург Жамбылской области Икромжон Мухамедов.
Отметим, что ежегодно в Жамбылской области врождённые пороки сердца выявляют у 200–250 детей. Из них 15–20 новорождённых появляются на свет с тяжёлыми пороками сердца, требующими экстренной медицинской помощи с первых дней жизни.
Подобные сложные операции относятся к важнейшим видам высокотехнологичной медицинской помощи (ВТМП).
В Казахстане дети в возрасте до 18 лет застрахованы в системе обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) за счёт государства.

Тұрғындардың алғысы – біз үшін үлкен мәртебе!

Шу қалалық емханасына қарасты медициналық қызметке жүгінген тұрғындарымыз ақжарма тілектерін білдіріп, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегіне алғыстарын жеткізуде.
Әрбір жылы лебіз бен шынайы ризашылық – біз үшін үлкен мотивация. Халықтың сенімі мен алғысы жолымызға күш береді!

Ата-аналар назарына!

Құрметті ата-аналар!
Балалардың логопед қабылдауына жазылуы үшін алдымен невропатолог дәрігерінің кеңесінен өтіп, тиісті медициналық қорытынды алуы қажет.
Невропатолог дәрігерінің қорытындысы — логопедиялық тексеруден өту және түзету-дамыту көмегін алу үшін міндетті шарт.
Осы талапқа түсіністікпен қарап, қажетті медициналық қорытындыны алдын ала алуларыңызды сұраймыз.
Түсіністік танытып, ынтымақтастық білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

«Таза Қазақстан»: Шу қалалық емханасының ұжымы сенбілікке белсене қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шу қалалық емханасының ұжымы жалпыхалықтық сенбілікке белсене атсалысты.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері қоршаған ортаны абаттандыру, аумақтың тазалығын сақтау және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізді. Ұжым мүшелері туған өлкенің көркеюіне үлес қосып, тазалық пен тәртіптің ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Аталған игі іске белсенді қатысып, қоғамдық бастаманы қолдағаны үшін емхана ұжымы Шу ауданы әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау жолындағы осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!

Жүкті әйелдер мен шетел азаматтарын МӘМС жүйесінде сақтандыру тәртібі түсіндірілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандары қаладағы емханаларда жүкті әйелдерге, шетел азаматтарына және олардың балаларына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі мен сақтандыру тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, Қор филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Дәурен Бурханов пен бөлімнің бас сарапшысы Балжан Есеналиева тұрғындармен кездесіп, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді.

Кездесу барысында жүкті әйелдерді МӘМС жүйесінде сақтандыру тәртібі, жеңілдік санаттары, сақтандыру мәртебесінің өзгеру себептері және босанғаннан кейінгі кезеңде сақтандырылу шарттары кеңінен сөз болды.
Мамандардың айтуынша, жұмыс істемейтін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жүкті әйелдер үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Ол үшін әйел жүктілігі бойынша емханада есепке тұруы қажет. Бұл ретте сақтандыру мәртебесін уақытылы тексеріп отырудың маңыздылығы да атап өтілді.

Сонымен қатар шетел азаматтары мен олардың балаларының МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі, сақтандыру мәртебесін алу шарттары, медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндіктері және мәртебенің өзгеруіне әсер ететін жағдайлар түсіндірілді.
Мамандар азаматтарға МӘМС жүйесіндегі құқықтары мен міндеттерін білу, өз мәртебесін бақылау және медициналық қызметтерді алу кезінде туындаған мәселелер бойынша тиісті мамандарға жүгіну қажеттігін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар мен қажетті кеңестер алды.

Айта кетейік, мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғындардың медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға, өз құқықтарын білуіне және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қор филиалы тарапынан халықпен кері байланыс орнату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

#МӘМСЖАМБЫЛ #ОСМСЖАМБЫЛ