Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

16.09.2026

Артериалдық гипертензия – бақылауды қажет ететін ауру

Артериалдық гипертензия – қан қысымының тұрақты жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру. Ол ұзақ уақыт бойы еш белгісіз өтуі мүмкін. Сондықтан қан қысымын тұрақты өлшеп отырудың маңызы зор.
Қан қысымының жоғарылауына артық салмақ, тұзды тағамды көп тұтыну, қимыл-қозғалыстың аздығы, күйзеліс, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс пайдалану әсер етуі мүмкін.
💚 Аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтану, тұзды шектеу, дене белсенділігін арттыру, салмақты бақылау және зиянды әдеттерден бас тарту ұсынылады.
Қан қысымы жиі көтерілсе, дәрігерге қаралып, қажетті тексеруден өтіңіз. Дәрігер тағайындаған емді өз бетінше тоқтатпаңыз.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу