Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
07.03.2026
Аяулы арулар – құрмет құшағында!
Шу қалалық емханасында көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға емхана ұжымы қатысып, нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы, отбасы мен медицина саласындағы ерекше рөлі атап өтіліп, ақ халатты абзал жандарға ізгі тілектер мен жылы лебіздер арналды. Ұжымдағы ер азаматтар мен әріптестер әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың тынымсыз еңбегіне алғыс білдірді.
Салтанатты жиын барысында денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үздік қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды. Өз ісіне адалдық танытып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген медицина мамандарына Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды.







