Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
19.02.2026


Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды
Шу қалалық емханасында медициналық қызметкерлерге арналған «Алғашқы көмек көрсету. Базалық жүрек-өкпе реанимациясы – Basic Life Support (BLS)» тақырыбында оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар есінен тану, тыныс алудың тоқтауы және жүрек қызметі кенеттен тоқтаған жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерімен танысты. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясын уақтылы әрі дұрыс жүргізудің маңыздылығы түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
Тәжірибелік сабақты Innovation Taraz орталығының жетекшісі Саликов А.С. Шу қалалық емханасының медицина қызметкерлері арасында жүргізді.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларда науқастарға жедел әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.










