Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

20.03.2026

Денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру бойынша кеңес өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа мен Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы аясында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Шара барысында Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілген күннен бері атқарылған жұмыстар барысы қаралып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Бір жарым айда ұйымдағы қаржы ағындарын бақылау күшейтіліп, медициналық қызметтерге ақы төлеу тәсілдері қайта қаралды және қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыру қолға алынды. Сонымен қатар құрылымға антифрод-бақылау тетігі енгізіліп, ол тіркеулер мен ауруханаға негізсіз жатқызуды автоматты түрде анықтайды. Дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде цифрлы теңгені пайдалану бойынша жұмыс басталып, бұл толық ашықтықты қамтамасыз етеді.
📌 Бұл бағыттағы маңызды жұмыстардың бірі – Qalqan цифрлы платформасын енгізу. Ол пациентке қатысты, сол секілді шығындар мен клиникалардың жұмысы туралы барлық деректі біріктіреді. Кез келген адам оған қандай қызметтер көрсетілгенін және оған қанша қаражат жұмсалғанын көре алады. Ал медициналық ұйымдар ашық рейтингке ие болады.
Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, бұл жаңашылдықтардың экономикалық әсері 200 млрд теңгеден асады.
Фото: @primeministerkz

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу