Тарихы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК «Шу қалалық емханасы» Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, 155 мекен-жайында орналасқан. Емхана қызметінің негізгі түрі халыққа амбулаториялық-емханалық білікті көмек көрсету болып табылады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК «Шу қалалық емханасы» 2000 жылдың 3 наурызында Шу ауданы әкімінің шешімі негізінде құрылды.
Бүгінгі таңда емханада 41 мыңнан астам адам тіркелген, 34білікті дәрігер және 113 орта медициналық персонал жұмыс істейді.
Емханада балалар бөлімшесі, терапиялық бөлімше, әйелдер консультациясы, мамандандырылған бөлімше, зертхананың клиникалық, серологиялық, биохимиялық бөлімшелері, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, салауатты өмір салты кабинеті жұмыс істейді, ересектер мен балаларға күндізгі стационар, үйдегі стационар қызметтерін көрсетеді.
Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес, тегін дәрілік заттар жазып беріледі.