Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
09.05.2024
Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
⚜️Қымбатты ардагерлер!
Құрметті жерлестер!
Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.
Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты.
Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды!
Ерлік Даңқы өшпейді!
Осынау Ұлы күнде әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен бақ-береке орнасын.
Елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жеңіс жалауы мәңгі желбіресін!