Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

04.01.2026

Көкжөтелге қарсы вакцинация баланы қалай қорғайды?

Көкжөтелге қарсы вакцинация:
• аурудың ауыр түрлерінің алдын алады;
• қауіпті асқынулар қаупін айтарлықтай азайтады;
• ең әлсіз топты — бір жасқа дейінгі балаларды қорғайды.
Вакцинацияланған бала ауырып қалғанның өзінде ауру асқынуларсыз өтеді және өмірге қауіп төндіретін салдарға әкелмейді.
3. Көкжөтелге қарсы қандай вакциналар қолданылады?
Қазірггі кезде дүниежүзінде вакциналардың мынадай екі түрі қолданылады:
а) бүтін жасушалы вакцина
Құрамында белсенді емес көкжөтел бактериялары болады.
Ол:
          •        ұзақ мерзімді иммунитет қалыптастырады;
          •          температураның көтерілуін және айқын байқалатын реакцияларды жиі тудырады.
б) жасушасыз (немесе ацеллюлярлы) вакцина
Бактерияның тек тазартылған компоненттенінен ғана тұрады.
Ол:
•         балалар жақсы қабылдайды;
• жанама әсерлері аз болады;
• әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.
Бұл вакцинаның оң әсер ететіндігін көрсетеді, бірақ үлкен жастағы адамдар арасында жоспарлы ревакцинацияларды қажет етеді.
Екі вакцинаның да құрамында тірі бактериялар жоқ және көкжөтел тудырмайды.
4. «Ескірген» бүтін жасушалы вакциналарға қайта оралу керек пе?
Медициналық сарапшылар және халықаралық ұйымдар:
•   бүтін жасушалы вакциналарға жаппай оралу оңтайлы шешім емес;
• айқын байқалатын реакциялар вакцинациядан бас тартуға әкелуі мүмкін;
• вакцинациямен қамтудың төмендеуі қорғаныш мерзімінің қысқаруына қарағанда қауіптірек деп есептейді.
Бүгінгі таңда артықшылық мыналарға беріледі:
          •        қауіпсіз вакциналарға;
          •        уақытылы ревакцинацияға;
          •        әлсіз балаларды қорғауға.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу