Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

05.09.2025

МӘМС мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекованың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тұрғындарды тарту және қамту мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Кеңеске қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Дәурен Бурханов, сондай-ақ қаладағы ірі кәсіпорындар, сауда орталықтары, автобус парктері, акционерлік қоғамдар мен жекеменшік шектеулі серіктестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Отырыста жұмыс берушілердің назарын өз қарамағындағы қызметкерлердің МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болмауына аудару қажеттігі айтылды.
Қатысушыларға қызметкерлерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, оны қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмағандардың ішінде 22 мыңнан астам адам жұмыс істейтіндер ретінде тіркелген.
Сонымен қатар, жиын барысында қатысушыларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның негізгі бағыттары мен өзгерістері түсіндірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға сақтандыру мәртебесін реттеу және халықты толық қамту бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру тапсырылды.

Бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу