Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

05.03.2026

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріңіз!

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру және оны қалай алуға болатыны туралы сұрақтар келіп түседі.
Айта кетейік, «Сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде – келіп түскен төлемдер негізінде, оның ішінде жеңілдік санатындағы азаматтар үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан түсетін төлемдер негізінде беріледі.
Төлемдер Мемлекеттік корпорация өңдегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қорға түседі. Сондықтан мәртебеңізді ауырмай тұрып бақылауда ұстау қажет.
❗️Есіңізде болсын: «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлемдер болған жағдайда сақталады.
Бір айға төлем жасалмаса, Сіз «сақтандырылған» мәртебесінен айырылып, МӘМС аясында медициналық көмекті дер кезінде алу мүмкіндігін жоғалтасыз.
Жұмыс берушілер төлемдерді аудару кезінде жиі қате жібереді – төлем кезеңін немесе тағайындау кодын дұрыс көрсетпейді. Нәтижесінде қызметкер сақтандыру мәртебесінен айрылады.
📌 Сондықтан өз мәртебеңізді келесі тәсілдер арқылы жиі тексеріп тұруды ұсынамыз:
eGov.kz порталы арқылы – жеке кабинетіңізде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз бен аударылған жарналар туралы ақпарат қолжетімді
msqory.kz сайтында
• Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында
• банктердің мобильді қосымшаларында
📞 Анықтама үшін байланыс өмірлері:
8 (7172) 67-46-74 (ішкі нөмірлер: 2505, 2517, 2519, 2508, 2502) сондай ақ өңірлердегі филиалдардың байланыс нөмірлерін қордың ресми сайтынан көре аласыз.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу