Шу қалалық емханасы								
							Денсаулық сақтау жаңалықтары
												26.08.2025
												
													
 
 Онкоскрининг – барлығына тегін
 Онкоскрининг – барлығына тегін
 Сақтандырылған мәртебе — 6 ай сақталады
 Сақтандырылған мәртебе — 6 ай сақталады
 Жұмыссыздарға — жергілікті бюджет есебінен көмек
 Жұмыссыздарға — жергілікті бюджет есебінен көмек
												
												
												
													
												
											
										МӘМС жүйесіндегі өзгерістер жұмыскерлерге қалай әсер етеді?
2026 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтар Қазақстандағы еңбек ұжымдарына бірқатар оң әсерін тигізбек. Бұл туралы еңбек ұжымымен кездесуде қордың облыстық филиалы өкілдері айтып берді.

 Онкоскрининг – барлығына тегін
 Онкоскрининг – барлығына тегінЖаңа өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап онкологиялық ауруларға скринингтік тексеру МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесіне қарамастан, елдегі барлық азаматтар үшін тегін жүргізіледі. Бұл жаңалық әсіресе жұмысшылар үшін маңызды, өйткені алдын ала тексеру арқылы аурудың ерте кезеңінде анықталуына және денсаулықты сақтауға мүмкіндік артады.
 Сақтандырылған мәртебе — 6 ай сақталады
 Сақтандырылған мәртебе — 6 ай сақталадыМӘМС жарнасын кемінде бес жыл қатарынан төлеген азаматтар үшін сақтандырылған мәртебе 6 айға дейін сақталады. Бұған дейін бұл мерзім тек 3 айды құрайтын. Бұл өзгеріс жұмыстан уақытша айырылған немесе жаңа жұмыс іздеу үстінде жүрген қызметкерлер үшін маңызды көмек болмақ.
 Жұмыссыздарға — жергілікті бюджет есебінен көмек
 Жұмыссыздарға — жергілікті бюджет есебінен көмекКездесу барысында қор филиалы директорының орынбасары Нұрлан Дәрменқұлов келесі жылдан бастап табысы аз азаматтар мен ресми жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасы жергілікті бюджеттен төленетінін айтты.
Бұл өзгеріс жұмыссыз жүрген азаматтардың медициналық көмектен шет қалмауына мүмкіндік береді.
Нұрлан Қабылұлы сондай-ақ, МӘМС жарна мөлшері, медициналық қызмет түрлерінің кеңеюі, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері туралы да түсіндіріп берді.







