Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
12.03.2026
учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
бейінді маманның кеңесіне жазыла алмасаңыз, маман болмаса немесе оған бір айдан кейін жазылыңыз десе;
медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.
Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгіне аласыз?
Пациенттерді қолдау қызметі – «осында және қазір» көмек көрсету.








