Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі
ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!
Біздің емханада Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің негізінде
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (сараптама) қызметі құрылған.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің негізгі міндеті –
азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында сапалы медициналық көмек алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша пациенттерге қолдау көрсету.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі медициналық көмектің сапасын басқару бойынша ұйым қызметін келесі бағыттарда үйлестіреді:
-
Пациенттердің мәселелері мен шағымдарын туындау сәтінде «осы жерде және дәл қазір» қағидаты бойынша шешу. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шағымдар түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады, сонымен қатар медициналық қызметтің деңгейі мен сапасына пациенттердің қанағаттану дәрежесін анықтау үшін сауалнама жүргізіледі;
-
Медициналық көмектің сапасын денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
-
ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін медициналық көмек көрсету қағидаларының сақталуын бақылау;
-
Жұмыстағы кемшіліктердің алдын алуға және жоюға, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне келесі жағдайларда жүгінуге болады:
-
Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаған жағдайда;
-
Медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болған кезде;
-
ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілуі тиіс медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақша талап ету фактілеріне кезіккенде;
-
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бұзылған жағдайда
(қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру, медициналық ұйымға тіркелу, анықтама мен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, Госпитализациялау бюросы порталы арқылы ТМККК аясында стационарға жолдама беру, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, трансплантация мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тін бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағза бөліктерін) ерікті түрде беру немесе одан бас тарту туралы келісімді тіркеу, санаторий-курорттық емге мұқтаждық туралы қорытынды беру),
сондай-ақ медициналық көмектің көрсетілу тәртібі мен сапасына қатысты басқа да мәселелер туындаған жағдайда.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі:
📞 8 (775) 396 38 16
📞 8 (726) 43 7 09 26
📍 1-қабат, 103-кабинет
Көзқорпешева Насипкүл Қарақұлқызы







