Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
22.12.2025
Қызылша – қауіпті жұқпалы ауру!
Қызылша – өте жұқпалы вирустық ауру. Ол ауа-тамшы жолымен таралады (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде).
Негізгі белгілері:
Дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
Мұрыннан су ағу, жөтел
Көздің қызаруы, жас ағуы
3–4 күннен кейін беттен бастап бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе
Қауіпті асқынулары:
Өкпе қабынуы
Ортаңғы құлақтың қабынуы
Ми қабынуы (энцефалит)
Кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
Алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация!
Қызылшаға қарсы екпе балаларға жоспарлы түрде жүргізіледі және қауіпсіз.
Маңызды! Егер балада немесе ересек адамда қызылша белгілері байқалса:
Өзін-өзі емдемеңіз
Дереу дәрігерге көрініңіз
Басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз
Вакцина – сіздің және балаңыздың денсаулығын қорғаудың сенімді жолы!







