Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
03.03.2026
Белгілері:
жоғары температура
жөтел, мұрыннан су ағу
көздің қызаруы
денеде бөртпенің пайда болуы
Қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация!
1 жаста
6 жаста
ҚЫЗЫЛША – ЖАЙ ҒАНА БӨРТПЕ ЕМЕС!
Қызылша – ауа-тамшы жолы арқылы өте жылдам таралатын жұқпалы ауру. Оны вирус тудырады. Ауру әсіресе балалар үшін қауіпті, бірақ екпе алмаған ересектер де жұқтыруы мүмкін.
Қызылша асқынған жағдайда өкпе қабынуына, құлақтың қабынуына, тіпті ми қабынуына (энцефалит) әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина 2 рет егіледі:
Вакцина қауіпсіз, тиімді және иммунитет қалыптастырады.
Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз! 
Екпе бойынша толық ақпарат алу үшін тіркелген емханаңызға хабарласыңыз.







