Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

02.04.2026

Семинар өтті

Шу қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған маңызды әрі мазмұнды семинар өтті. Іс-шараны облыстық АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырып, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, ауруды ерте анықтау және оның алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды.
Семинар барысында мамандар Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі жағдайына тоқталып, соңғы жылдардағы статистикалық көрсеткіштер мен негізгі қауіп топтары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, індеттің таралу жолдары, жасырын кезеңдері және дер кезінде анықталмаған жағдайда туындайтын қауіптері түсіндірілді.
Мұндай кездесулер медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға да оң ықпал ететіні сөзсіз.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу