Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
12.01.2026
Талдаулар мен тексерулерден өтуде қалай үнемдеуге болады?
МӘМС аясында көптеген талдаулар мен тексерулерден өте алатыныңызды естен шығармаңыз. Ол үшін алдымен тіркелген емханаңыздағы учаскелік дәрігеріңізге барыңыз. Дәрігер сіздің медициналық көрсеткіштеріңізге қарап, қажетті талдауларға немесе тексерулерге жолдама береді. Осылайша сіз артық қаражатсыз денсаулығыңызды тексере аласыз.
Сондай-ақ, жылына бір рет скринингтерден өтуді де ұмытпаңыз, тіпті сақтандырылмаған болсаңыз да.
Айта кетейік, енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді, бұл тексерулер мына ауруларды ерте анықтауға бағытталған:
— сүт безі обыры;
— жатыр мойны обыры;
— колоректальды обыр.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз – тексерулерден уақтылы өтіңіз!
#ӘМСҚЖАМБЫЛ #МӘМСЖАМБЫЛ







