Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
04.01.2026
ТҰМАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Тұмау – ауа арқылы жұғатын, вирустық жұқпалы ауру. Көбіне күз-қыс және көктем мезгілдерінде кең таралады. Ауру тез жұғады және асқынған жағдайда денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Тұмаудың негізгі белгілері:
Дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі
Бас ауруы, әлсіздік, қалтырау
Тамақтың ауыруы, жөтел, мұрын бітелуі
Бұлшық ет пен буындардың сырқырауы
Тәбеттің төмендеуі
Ауру қалай жұғады?
Тұмау науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа арқылы таралады. Сондай-ақ лас қол арқылы, ортақ тұрмыстық заттардан жұғуы мүмкін.
Алдын алу шаралары:
Қолды сабынмен жиі жуу
Бөлмені жиі желдету
Адам көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде тағу
Дұрыс тамақтанып, иммунитетті күшейту
Маусымдық тұмауға қарсы вакцина алу
Маңызды!
Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралып, үй жағдайында оқшауланған жөн.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаңыз!







