Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
04.04.2026
Жарақаттың негізгі түрлері:
Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету өте маңызды
Қай кезде дәрігерге жүгіну қажет?
Жарақаттың алдын алу – ең тиімді жол
Салауатты өмір салты – қауіпсіздіктің кепілі
Жарақаттану – денсаулыққа төнетін маңызды қауіптердің бірі
Жарақаттану – сыртқы факторлардың (механикалық, химиялық, термиялық және т.б.) әсерінен адам ағзасының зақымдануы. Ол тұрмыста, өндірісте, жол-көлік оқиғаларында, спортта және басқа да жағдайларда орын алуы мүмкін. Жарақаттар жеңіл түрден бастап, өмірге қауіп төндіретін ауыр жағдайларға дейін әртүрлі болады.
Күнделікті өмірде жиі кездесетін жарақаттарға кесілген, соғылған, сынған, күйік және үсік жатады. Сонымен қатар бас-ми жарақаттары мен ішкі ағзалардың зақымдануы аса қауіпті болып табылады. Әсіресе балалар мен қарт адамдар жарақат алуға бейім келеді.
Жарақат алған жағдайда ең алдымен сабыр сақтап, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету қажет. Қан кетсе – тоқтату, сыну күдігі болса – қозғалтпай бекіту, күйік кезінде – зақымданған жерді салқындату керек. Уақытылы көрсетілген алғашқы көмек асқынудың алдын алып, адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Егер жарақат ауыр болса, қатты ауырсыну, қан кету, есінен тану немесе қозғала алмау байқалса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек. Өз бетінше емделу кей жағдайда қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – жарақаттың алдын алудың негізгі тәсілі. Үйде, жұмыста және көшеде абай болу, балаларды қараусыз қалдырмау, жол қозғалысы ережелерін сақтау маңызды. Спортпен айналысқанда арнайы қорғаныс құралдарын қолдану қажет.
Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден бас тарту маңызды. Бұл ағзаның жарақатқа төзімділігін арттырады және тез қалпына келуіне көмектеседі.







