Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

08.10.2025

Жарна төлемесеңіз МӘМС-тегі мәртебеңізден айырыласыз

Қазір елімізде азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін жоғалту қаупі туралы 1414 нөмірінен SMS ескертулер жіберілуде.
Бұл хабарламалар маусым айында соңғы рет жарна төлеген азаматтарға жолдануда. Егер төлем уақытында жүргізілмесе, үш ай өткеннен кейін азамат сақтандыру мәртебесінен айырылуы мүмкін.
🔹 Өз мәртебеңізді тексеру үшін:
• ФСМС ресми сайтына кіріңіз;
• Qoldau 24/7 қосымшасын пайдаланыңыз;
• Telegram-бот: SaqtandyryBot арқылы тексеріңіз;
• eGov Mobile, Damumed немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру жарналарын уақытылы төлеу — сапалы медициналық қызмет алудың кепілі!
@jambylinfo

Бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу