Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

13.01.2026

ЖРВИ дегеніміз не?

ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық аурулар тобы. Бұл ауру көбіне күз-қыс мезгілінде таралады және балалар мен ересектер арасында жиі кездеседі.
Негізгі белгілері:
Дене қызуының көтерілуі;
Мұрыннан су ағу, бітелу;
Жөтел, тамақтың ауыруы;
Бас ауруы, әлсіздік;
Бұлшықет пен буынның сырқырауы.
Жұғу жолдары:
ЖРВИ ауа-тамшылы жолмен (жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде) және тұрмыстық байланыс арқылы жұғады.
Алдын алу шаралары:
Қолды жиі сабындап жуу;
Адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағу;
Бөлмені жиі желдету;
Иммунитетті күшейту (дұрыс тамақтану, дәрумендер).
Ауру белгілері байқалса, өздігінен емделмей, дәрігерге қаралу қажет.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу