Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

24.08.2025

Жүкті әйелдер скринингтен тегін өте ала ма?

Мен жүкті әйелмін, жеке клиникадағы гинекологқа қаралып жүрмін. Скринингтерді МӘМС арқылы тегін өте аламын ба?

— Иә, скринингтік тексерулер, соның ішінде пренаталдық скрининг те МӘМС пакетіне кіреді. Сондай-ақ жүкті әйелге зертханалық талдаулар, құралдық диагностика, бейінді мамандардың кеңесі де қолжетімді.

Медициналық бақылаудан дер кезінде өту үшін тіркелген емханаңызда жүктілік бойынша есепке (12 аптаға дейін) тұру қажет.

Бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу