Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

06.01.2026

ЖРВИ-ден сақ болайық!

ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, ауа-тамшы жолымен тез таралатын жұқпалы ауру. Көбіне күз-қыс және көктем мезгілдерінде жиі кездеседі.
Негізгі белгілері:
дене қызуының көтерілуі;
мұрын бітелуі, су ағуы;
тамақтың қышуы, ауырсынуы;
жөтел;
әлсіздік, бас ауруы, дененің сырқырауы.
ЖРВИ қалай жұғады?
Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы, сондай-ақ лас қол мен тұрмыстық заттар арқылы жұғады.
Алдын алу шаралары:
қолды сабынмен жиі жуу;
бөлмені жиі желдету;
адам көп жиналатын орындарда медициналық маска тағу;
дұрыс тамақтану және иммунитетті күшейту;
науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеу.
Маңызды!
ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Уақытылы көрсетілген медициналық көмек асқынудың алдын алады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Денсаулық – басты байлық.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу