Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

23.01.2026

№40 мектеп-лицейде стоматологиялық кабинет ашылды

Шу қаласындағы №40 мектеп-лицейде стоматологиялық кабинет ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы мен стоматолог дәрігер Клара Саяковна арнайы қатысты.
Аталған кабинет оқушылардың ауыз қуысы ауруларының алдын алуға және стоматологиялық көмекті қолжетімді етуге бағытталған.
Кабинетте ауыз қуысының гигиенасын үйрету, кәсіби тазалау, асқынбаған тіс кариесін емдеу, қажет болған жағдайда жоғары деңгейдегі медициналық ұйымдарға жолдама беру және шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызу қызметтері көрсетіледі.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу