Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

20.03.2026

Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күніне орай өткен іс-шара

🦷 20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулық күніне орай түрлі ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған күннің басты мақсаты – тұрғындарға ауыз қуысының саулығын сақтау жолдарын түсіндіру және дұрыс гигиеналық әдеттерді қалыптастыру.
🏫 Осыған орай Шу қаласындағы №40 мектеп оқушылары арасында танымдық шара өтті. Іс-шараны Шу қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨС) дәрігері ұйымдастырып, оқушыларға ауыз қуысының күтімі туралы кеңінен ақпарат берді.
😁 Кездесу барысында маман тіс күтімінің маңыздылығын түсіндіріп, тіс жегісі мен қызыл иек ауруларының алдын алу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, дұрыс тіс тазалау әдістері көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
🪥 Шара барысында балаларға күніне екі рет тіс тазалау, тәтті тағамдарды шектен тыс қолданбау және уақытылы стоматологқа қаралу қажеттігі айтылды. Бұл кеңестер оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
✨ Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына және жарқын болашаққа қадам жасауына септігін тигізеді.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу