Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

09.04.2026

Безгек (малярия) — маса арқылы жұғатын қауіпті жұқпалы ауру

Малярия қоздырғыштары — плазмодий деп аталатын паразиттер тудырады. Бұл паразиттер адам қанына көбінесе анофелес тұқымдас масалардың шағуы арқылы түседі. Безгек әсіресе тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең таралған.
🌡️ Аурудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, қалтырау, қатты терлеу, бас ауруы, әлсіздік жатады. Қызба әдетте белгілі бір уақыт аралығында қайталанып тұрады. Егер дер кезінде емделмесе, безгек ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
💉 Безгекті емдеу арнайы дәрі-дәрмектер арқылы жүргізіледі. Емді дәрігердің бақылауымен уақытында бастау өте маңызды. Сонымен қатар алдын алу шаралары ретінде масадан қорғану (тор, репеллент қолдану), қауіпті аймақтарға барған кезде профилактикалық дәрілер ішу ұсынылады.
🌍 Безгек – әлемдік денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Көптеген елдерде оны жою бағытында арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу