Шу қалалық емханасы
МӘМС
24.04.2026
Емханаға барғанда нені ескеру керек?
Емханаға барғанда нені ескеру керек? Егер қандай да бір қиындық болса, ең алдымен қайда жүгіну керек?
Біле жүріңіз – әр емханада Пациенттерді қолдау қызметі бар!
Олар сізге медициналық көмек алу бойынша кеңес беріп, қиын жағдайларды шешуге көмектеседі және қажет болса ішкі тексеріс жүргізеді.
Сонымен, бұл қызметке қандай жағдайда жүгінуге болады?
— Қабылдаудан негізсіз бас тартса;
— Дәрігерге немесе маманға жазыла алмасаңыз;
— Тегін тексерулерге жолдама берілмесе;
— Ұзақ күтуге мәжбүрлесе;
— Үйге шақырту қызметі көрсетілмесе;
— Емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
— Медициналық жазбада қате байқасаңыз.
Ал Пациенттерді қолдау қызметі мәселені шеше алмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады:
— msqory.kz сайты
— Qoldau 24/7 қосымшасы
Өз құқығыңызды біліңіз және сапалы медициналық көмек алуға ұмтылыңыз!







