Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
22.05.2026
КҚГҚ ауруының негізгі тасымалдаушылары – кенелер. Сондай-ақ ауру жұқтырған малдың қаны немесе дене сұйықтықтары арқылы да адамға берілуі мүмкін. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатындар, ветеринарлар, медицина қызметкерлері және табиғат аясында жиі болатын адамдар қауіп тобына жатады.
Аурудың алғашқы белгілері кенеттен басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы қатты ауырады, әлсіздік пайда болады, бұлшық еттері сырқырап, жүрегі айниды. Кей жағдайда мұрыннан, қызыл иектен қан кетуі мүмкін. Егер дер кезінде дәрігерге қаралмаса, ауру адам өміріне қауіп төндіреді.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін кене шағудан сақтану өте маңызды. Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, денені жиі тексеріп тұрған жөн. Арнайы қорғаныш құралдарын пайдаланып, мал қораларын және кенелер көп шоғырланатын аумақтарды залалсыздандыру қажет. Малмен жұмыс істегенде қолғап киіп, жеке бас гигиенасын сақтау да маңызды.
Егер денеге кене жабысып қалса, оны өздігінен жұлып тастамай, медицина мамандарына қаралған дұрыс. Аурудың алдын алу – әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Бұл ауруды вирус қоздырады және ол көбіне кене шағу арқылы адамға жұғады. Ауру алғаш рет Қырым түбегінде анықталып, кейіннен Африканың Конго аймағында да тіркелгендіктен «Конго-Қырым» деп аталған.







