Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

19.05.2026

«Отбасын жоспарлау» тақырыбында ашық есік күні

👨‍👩‍👧‍👦 Халықаралық отбасы күніне орай Шу қалалық емханасында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
🩺 Іс-шара барысында тұрғындарға отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулық, жүктілікті жоспарлау және оның алдын алу шаралары бойынша мамандар тегін кеңес берді.
👨‍⚕️ Қабылдауды акушер-гинекологтар мен тиісті сала мамандары жүргізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
🎯 Шараның негізгі мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту, саналы ата-ана болуды насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
📍 Шу қалалық емханасы тарапынан ұйымдастырылған бұл шара тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу