Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
19.05.2026
Халықаралық отбасы күніне орай Шу қалалық емханасында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулық, жүктілікті жоспарлау және оның алдын алу шаралары бойынша мамандар тегін кеңес берді.
Қабылдауды акушер-гинекологтар мен тиісті сала мамандары жүргізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Шараның негізгі мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту, саналы ата-ана болуды насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Шу қалалық емханасы тарапынан ұйымдастырылған бұл шара тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталды.







