Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
17.06.2026
Қуық асты безі обыры (простата обыры) – ер адамдар арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі. Бұл ауру қуықтың астында орналасқан және ұрық сұйықтығын өндіруге қатысатын қуық асты безінің жасушаларынан дамиды.
Қауіп факторлары:
Аурудың негізгі белгілері:
Қуық асты безі обыры бастапқы кезеңдерде ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан ер адамдарға 50 жастан бастап, ал тұқым қуалаушылық қаупі бар азаматтарға 45 жастан бастап уролог дәрігердің тұрақты тексеруінен өту ұсынылады.
Ерте анықтау әдістері:
Денсаулық – баға жетпес байлық. Уақытылы тексеруден өтіп, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
Қуық асты безі обырының алдын алу және ерте анықтау
• 50 жастан асу;
• Тұқым қуалаушылық (отбасында осы аурудың болуы);
• Дұрыс тамақтанбау, майлы тағамдарды шамадан тыс тұтыну;
• Зиянды әдеттер;
• Қимыл-қозғалыстың аз болуы.
• Зәр шығарудың қиындауы немесе жиілеуі;
• Зәр шығару кезінде ауырсыну немесе ашыту сезімі;
• Зәрде немесе шәуетте қанның пайда болуы;
• Бел, жамбас немесе сүйектердегі ауырсыну;
• Жалпы әлсіздік пен салмақ жоғалту.
• Уролог дәрігердің тексеруі;
• PSA (простата-спецификалық антиген) қан талдауы;
• Ультрадыбыстық зерттеу;
• Қажет болған жағдайда қосымша диагностикалық тексерулер.







