Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
15.10.2026
Ауру немесе мәжбүрлі сойылған малды күту, сою және етін бөлшектеу кезінде;
Ветеринариялық тексеруден өтпеген етті тұтынғанда;
Жануардың терісі, жүні және басқа да өнімдерімен жанасқанда;
Ауру қоздырғышы түскен топырақпен байланыста болғанда.
Дене қызуының көтерілуі;
Әлсіздік, бас ауруы;
Терінің қышуы, қызаруы;
Жұққан жерде көпіршік пайда болып, кейін ортасында қара қабыршақ қалыптасуы;
Кейбір жағдайларда іштің ауыруы, жүрек айну және тыныс алудың қиындауы мүмкін.
Етті тек ветеринариялық бақылаудан өткен, арнайы рұқсаты бар орындардан сатып алыңыз.
Ауру немесе кенеттен өлген малдың етін пайдаланбаңыз.
Мал сою жұмыстарын ветеринариялық талаптарды сақтай отырып жүргізіңіз.
Малдың ауру белгілері байқалса, дереу ветеринар маманға хабарласыңыз.
Күдікті етті сатып алмаңыз және тұтынбаңыз.
ТҮЙНЕМЕ – ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ!
Түйнеме (сібір жарасы) – адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауруды Bacillus anthracis бактериясы қоздырады. Инфекция көбіне ауру малдан, оның еті мен терісінен, сондай-ақ ластанған топырақ арқылы жұғады.
Ауру қалай жұғады?
Аурудың негізгі белгілері:
Сақтану жолдары:
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Түйнеме – адам өміріне қауіп төндіретін ауру. Егер ауруға күдікті малмен немесе етпен байланыста болғаннан кейін жоғарыда аталған белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізше ем қабылдамаңыз.
Аурудың алдын алу – әр адамның жауапкершілігі!







